
Байдирахманова Бекзат Сапаргалиевна
Лицей директоры
Лицей жұмысына жетекшілік етеді. Оқу үдерісін ұйымдастырып, мұғалімдер ұжымымен бірге лицейдің даму бағыттарын айқындайды.
Батыс өңірінде теңдесі жоқ, дарынды балаларға арналған IT бағытындағы лицей-интернат
«Ақбөбек» лицейі - заманауи білім беру талаптарына толықтай сай, оқушы тұлғасының жан-жақты дамуына жағдай жасайтын білім ордасы. Біз сапалы білім берумен қатар, әр баланың дарыны мен қабілетін ашуға бағытталған жеке тәсілді ұстанамыз.
«Ақбөбек» лицейі - балаңыздың табысты болашағының кепілі! Бізбен бірге білім әлеміне сенімді қадам жасаңыз!

Құрметті ата-аналар, қымбатты оқушылар, қадірлі ұстаздар! «Aqbobek Lyceum» лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Білім - баланың болашағына салынған ең маңызды инвестиция. Біздің міндетіміз - білім берумен қатар, оқушының өз бетінше ойлауына, орынды сұрақ қоюына, шешім іздеуіне және өз идеясын жүзеге асыруына жағдай жасау.
Aqbobek Lyceum-да математика, ағылшын тілі және ақпараттық технологиялармен қатар, зерттеу, жобалау, олимпиадалық қозғалыс пен кәсіпкерлікке де ерекше мән береміз. Біз технологияны жай ғана қолданатын емес, оның көмегімен жаңа дүние жасайтын оқушыны тәрбиелеуге ұмтыламыз.
Бұл жолда ұстаздың рөлі ерекше. Ұстаз - тек білім беруші емес, оқушының қабілетін байқап, оны дамытуға бағыт беретін тәлімгер. Ата-ана мен мектептің өзара сенімі де баланың жетістігіне ықпал етеді.
Біздің мақсатымыз - оқушыны ертеңгі өзгерістерге дайындау ғана емес, сол өзгерістерді жасай алатын тұлға етіп қалыптастыру.
Құрметпен,
Байдирахманова Бекзат Сапаргалиевна
«Aqbobek Lyceum» директоры
Біздің білім беру бағдарламаларымыз 7-11-сынып оқушыларына арналған және білімнің практикалық қолданылуына баса назар аудара отырып, негізгі пәндерді тереңдетіп оқытуға бағытталған.
Орта буын оқушылары білім берудің мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқиды. Бағдарлама оқушылардың жан-жақты дамуына және базалық білім алуына бағытталған. Негізгі оқу бағдарламасына қосымша ретінде сабақ кестесіне төмендегідей сағаттар енгізілген:
Бұл пәндер оқушыларды IT саласымен ерте таныстырып, логикалық ойлау қабілеті мен практикалық дағдыларын дамытады. Жобалық сабақтарда оқушылар командамен жұмыс істеуді, креативті ойлауды, өз идеяларын жоспарлап, жүзеге асыруды үйренеді.
Жоғары сыныптарға арналған оқу бағдарламасы оқушылардың кәсіби және академиялық бағдарын нақтылап, болашаққа мақсатты түрде дайындалуына мүмкіндік береді. Бағдарлама мазмұны қазіргі заман талаптарына сәйкес құрылып, жан-жақты дамуды көздейді.
«Ақбөбек» лицейінде оқушыларға IT бағытындағы төрт тегін үйірме ұсынылады:
Бұдан бөлек, лицейде шығармашылық пен әлеуметтік белсенділікке арналған Art Club және «Şyraq» волонтерлар қозғалысы жұмыс істейді.
Біздің команда - өз ісіне адал, шәкірт тәрбиелеуге құштар, тәжірибелі ұстаздардан құралған. Әр мұғалім тек білім беріп қана қоймай, оқушының тұлғалық дамуына да үлес қосады.

Лицей директоры
Лицей жұмысына жетекшілік етеді. Оқу үдерісін ұйымдастырып, мұғалімдер ұжымымен бірге лицейдің даму бағыттарын айқындайды.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Оқу үдерісінің ұйымдастырылуына және білім сапасын арттыруға үлес қосады.

Лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Тәрбие жұмысы мен сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырады. Оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігін қадағалап, ата-аналармен байланыста болады.

Лицей директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары
Лицейдегі әдістемелік жұмысты үйлестіреді. Мұғалімдермен оқыту әдістерін талқылап, ғылыми жобалар мен пәндік бірлестіктердің жұмысына жетекшілік етеді.

Кәсіби бағдар беруші
Оқушыларға мамандық таңдауға және болашақ білім алу бағытын айқындауға көмектеседі.

Педагог-психолог
Оқушылардың психологиялық әл-ауқатын қолдап, оқу мен қарым-қатынас мәселелерінде кеңес береді.

Интернат меңгерушісі
Интернаттағы күн тәртібі мен тұрмыстық жағдайдың ұйымдастырылуына жауап береді.

Математика пәні мұғалімі, педагог-сарапшы
Еңбек өтілі - 11 жыл. 2022 жылы Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығы ұйымдастырған халықаралық олимпиадада 3-орын иегері.

Математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші
Математикадан 8,5 жыл сабақ береді. Сабақтарында цифрлық құралдарды қолданады.

Математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші
2022-2025 жылдары бірнеше халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегері.
IMPACT халықаралық олимпиадасында (3-орын), Асқар Жұмаділдаев атындағы жас математиктер байқауында (2-орын), және «Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» республикалық байқауында (2-орын) жоғары нәтижелерге жеткен.

Математика пәні мұғалімі
Математикадан сабақ береді, оқушылармен есептерді шешу жолдарын талдайды.

Математика пәні мұғалімі
Математикадан сабақ береді, оқушылармен есептерді шешу жолдарын талдайды.

Физика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші
Физика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиадада І орын иегері.
Оқушыларының жетістіктері: Есенғалиев Мержан - Коперник олимпиадасының қола жүлдегері (АҚШ, Хьюстон), Ғалымжан Мансұр - облыстық пәндік олимпиаданың 2-орын иегері, Мұсағали Айжан - қалалық жасөспірімдер олимпиадасының 3-орын иегері.

Физика пәні мұғалімі
Жұмыс өтілі - 4 жыл. Физика пәні бойынша олимпиада және ғылыми жоба жеңімпаздарының жетекшісі, төрт ғылыми мақаланың авторы. Облыстық мұғалімдер олимпиадасының ұйымдастырушысы және физика пәні мұғалімдерінің VII ашық онлайн шығармашылық байқауына қатысушы.

Физика пәні мұғалімі
Физиканы қазақ және ағылшын тілдерінде оқытады. Күрделі ұғымдарды тәжірибелер арқылы түсіндіреді.

Информатика пәні мұғалімі
Еңбек өтілі - 1 жыл. Информатика мен бағдарламалау негіздерін оқытады, оқушыларға алған білімін тәжірибеде қолдануға көмектеседі.

Информатика пәні мұғалімі
Информатикадан 8 жыл сабақ береді. Бағдарламалауды үйретіп, сабақта практикалық жобаларға көңіл бөледі.

Информатика пәні мұғалімі
Оқушылардың цифрлық сауаттылығы мен бағдарламалау дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Робототехника пәні мұғалімі
Оқушылардың робототехникаға қызығушылығын арттырып, инженерлік және бағдарламалау дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Тарих пәні мұғалімі
Оқушылардың тарих туралы білімін кеңейтіп, өткен оқиғаларды талдау дағдыларын дамытады.

Тарих пәні мұғалімі
Оқушылардың тарих туралы білімін кеңейтіп, өткен оқиғаларды талдау дағдыларын дамытады.

Тарих пәні мұғалімі
Оқушылардың тарих туралы білімін кеңейтіп, өткен оқиғаларды талдау дағдыларын дамытады.

Химия пәні мұғалімі
Еңбек өтілі - 2 жыл. Орта буын оқушыларына химиядан сабақ береді. ҰБТ-ға қажетті негізгі тақырыптарды меңгеруге көмектеседі, ғылыми жұмыстармен айналысады.

Химия пәні мұғалімі, педагог-эксперт
SAT, AP Class, МЭСК, ҰБТ, CLIL және PASCO тренері.
«Автомобиль жолдарының құрамындағы бетонның беріктігін арттыратын химиялық қоспа» өнертабысының авторы.
Химиядан облыс көлеміндегі олимпиадалар жеңімпазы. Оқушылары химиядан республика көлеміндегі олимпиадалардың жеңімпаздары.

Химия пәні мұғалімі
Зертханалық жұмыстарды дайындауға және қауіпсіз жүргізілуіне көмектеседі.

Биология пәні мұғалімі
Биологиядан облыстық олимпиада жеңімпазы. Еңбек өтілі - 10 жыл. АҚШ Елшілігі мен Ball State университетінің қолдауымен өткен ағылшын тілі және STEM мұғалімдеріне арналған бағдарламаның сертификат иегері (NU, 2019). Тілдік құзыреттілік (2017-18).

Биология пәні мұғалімі
Биология ғылымдарының магистрі. Еңбек өтілі - 3 жыл. Биологиядан облыстық олимпиада жеңімпазы. Оқушылары қалалық олимпиада жеңімпаздары.

География пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі
Географиядан облыс көлеміндегі олимпиадалар жеңімпазы.
Оқушылары республикалық пәндік олимпиаданың облыстық, республикалық кезеңдерінің жеңімпаздары.
Республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының жеңімпаздарының жетекшісі, Гран-при, Астана, 2025 жыл.

География пәні мұғалімі
Оқушылардың география бойынша білімін кеңейтіп, табиғи және әлеуметтік үдерістерді түсінуіне көмектеседі.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші
2019-2025 жылдары облыстық және өңірлік деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларда бірнеше рет І орын және «Бас жүлде» иеленген (соның ішінде 2024 ж. «Педагогикалық конкурс» І орын, 2025 ж. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасындағы олимпиада - «Бас жүлде»).

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Еңбек өтілі 18 жыл, «Қазақ тілі (қарапайым деңгей)» оқулығының авторы.

Қазақ тілі пәні мұғалімі
Оқушылардың қазақ тілінде сауатты сөйлеп, жаза білуін дамытуға көмектеседі.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-модератор
Еңбек өтілі 5 жыл, CELTA және IELTS (7.5) сертификаттары бар педагог-модератор. Оқушылары қалалық және облыстық пәндік олимпиадаларда жеңімпаздары.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-модератор
Еңбек өтілі 6 жыл, CELTA және IELTS сертификаттары бар педагог-модератор. Оқушылары қалалық және облыстық пәндік олимпиадаларда жеңімпаздары.

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Еңбек өтілі - 25 жыл. Облыстық пәндік олимпиадада II орын иегері; «Педагогикалық идеялар панорамасы» сертификатының иесі; «Задания к итоговой аттестации» жинағына материалдары енген; «Тіл және іскерлік қарым-қатынас» атты авторлық бағдарламаның авторы.

Орыс тілі пәні мұғалімі
Оқушылардың орыс тілінде оқу және жазу дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Еңбек пәні мұғалімі
Оқушылардың шығармашылық және практикалық дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Еңбек пәні мұғалімі
Оқушылардың еңбек дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін және практикалық іскерлігін дамытады.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Оқушылардың дене дайындығы мен салауатты өмір салтын дамытуға үлес қосады.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Оқушылардың дене дайындығы мен салауатты өмір салтын дамытуға үлес қосады.

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі
Оқушыларға алғашқы әскери дайындық пен қауіпсіздік негіздерін үйретеді.

Куратор
Сыныптар: 7A, 7B
Оқушыларға оқу барысын ұйымдастыруға және лицей өміріне бейімделуге көмектеседі.

Куратор
Сыныптар: 7C, 8D
Сынып ұжымында өзара сыйластық пен жауапкершілікті қалыптастыруға қолдау көрсетеді.

Куратор
Сыныптар: 8A, 8B, 8C
Оқушыларға күнделікті оқуын ұйымдастыруға көмектеседі. Сыныптағы қарым-қатынас пен тәртіпке көңіл бөледі.

Куратор
Сыныптар: 9B, 9C
Оқушыларға оқу мәселелері бойынша көмектесіп, лицейдегі іс-шараларға қатысуына қолдау көрсетеді.

Куратор
Сыныптар: 9A, 10C
Оқушылардың оқу жетістіктерін бақылап, қажет кезде бағыт-бағдар береді.

Куратор
Сыныптар: 10B, 11A
Психолог-педагог оқушыларды оқу мен сыныптан тыс қызметте сүйемелдейді. Оқу процесіне бейімделуге және туындайтын мәселелерді шешуге көмектеседі.

Куратор
Сыныптар: 10A, 11B
Оқушылардың сыныптағы жайлы әрі қолайлы ортада білім алуына қолдау көрсетеді.
«Ақбөбек» лицейіне өз ісіне адал, талантты мамандарды жұмысқа шақырамыз. Егер сіз білім беру ісіне шын жүректен қызығып, жас ұрпақтың өміріне оң өзгеріс енгізгіңіз келсе - біз сізбен танысқымыз келеді!
→Мұғалімдер (математика, ағылшын тілі, информатика пәндері)
→Кураторлар және әкімшілік қызметкерлер
→Бәсекеге қабілетті жалақы мен әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған.
Оқу және тұру жағдайлары:
«Ақбөбек» лицейінде дарынды, білімге құштар оқушыларға арналған гранттар мен жеңілдіктер қарастырылған.
Біздің Instagram желісіндегі соңғы жаңалықтар мен фотосуреттер
Біздің заманауи кампус студенттердің оқуы мен өмір сүруіне қолайлы жағдай жасайды.
Лицейде барлық оқушыларға төрт мезгіл тамақ беріледі. Мәзір өсіп келе жатқан балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған және әртүрлі тағамдардан тұрады.
Жатақханада тұрмайтын оқушылар үшін таңертең және кешке қаланың негізгі аудандарына қатынайтын мектеп автобусы қарастырылған. Қызмет ақылы, орын саны шектеулі. Қызметті пайдалану үшін ата-ана қабылдау бөліміне жүгініп, алдын ала жазылуы қажет.
Өткен жылдардағы қабылдау емтихандарының тапсырмаларымен танысып, оқуға түсуге мұқият дайындалуыңызға кеңес береміз.
90 минут, 30 тапсырма
60 минут, 40 тапсырма
90 минут, 25 тапсырма
Ұстазға жылы сөз, лицей туралы естелік немесе жақсы күнге тілек. Осы оқиғаны бастаңыз.